Саясат

Мәжілістің жаңа депутаты Қазақстан халқына ант берді

© Photo : пресс-служба сената парламента Казахстанакеңестегі депутаттар
кеңестегі депутаттар - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.09.2021
Жазылу
Ғани Хамзин "Ақ жол" партиясының тізімі бойынша Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен мәжіліс депутаты ретінде тіркелді

НҰР-СҰЛТАН, 15 қыркүйек – Sputnik. Мәжілістің жаңа депутаты Ғани Хамзин төменгі палата отырысында Қазақстан халқына ант берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бұған дейін экс-мәжілісмен Азат Сембинов өз еркімен жұмыстан кету туралы өтініш берген болатын. Осылайша оның депутаттық өкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.

Мәжіліс депутатының босатылған мандаты 27 жастағы кәсіпкер Ғани Хамзинге берілді.

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулиннің айтуынша, ол "Ақ жол" партиясының тізімі бойынша Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен мәжіліс депутаты ретінде тіркелді.

Конституцияға сәйкес, жаңа депутат Қазақстан халқына ант береді.

"Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутат ретінде өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерді адал атқаруға ант етемін", - деді Хамзин.

Сондай-ақ депутаттардың шешімімен Ғани Хамзин мәжілістің экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің құрамына сайланды.

Ғани Хамзин 1994 жылы дүниеге келген. Мәскеу болат және қорытпалар институтының (МИСиС) түлегі, инженер-металлург. Еңбек жолын Павлодар облысындағы тау-кен металлургия кәсіпорнында технолог болып бастады. Содан кейін жеке бизнеске ауысты.

Ғани Хамзин "Ақ жол" демократиялық партиясы Жастар қанатының белсенді қатысушысы.

Оқи отырыңыз: Каникулдан оралған депутаттар қандай проблемаларды көтереді – видео

 

Жаңалықтар
0