Денсаулық

COVID-19 салдарынан адамның ақыл-ойына зақым келеді – невролог

© AP Photo / Cecilia FabianoРука пациента из палаты интенсивной терапии больницы с коронавирусом
Рука пациента из палаты интенсивной терапии больницы с коронавирусом  - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.09.2021
Жазылу
Дәрігер коронавирус жұқтырған адамдарға невролог көмегіне жүгінуге кеңес берді. Себебі инфекция адамның танымдық біліміне әсер етеді

АЛМАТЫ, 15 қыркүйек – Sputnik. Коронавирус инфекциясы ми тамырларына әсер етеді. Невролог Александр Будик ми тамырларында қандай өзгеріс болатынын және ақыл-ойды бұрынғы қалпында сақтау үшін не істеу қажет екенін Sputnik радиосына айтты. 

Дәрігердің сөзінше, адамның танымдық қабілетінің төмендеуі COVID-19 салдарына жатады. Невролог Александр Будик коронавирус инфекциясы әсерінен миды қанмен қамтамасыз ету процесі бұзылатынын айтты. Бұл адамның ақыл-ойына әсер етеді.

"Бастағы тамырлар ағаштағы бұтақтар сияқты ми қыртысына барады. COVID-19 кезінде және одан кейін бұл тамырлардың орналасуы өзгереді. Мидың маңызды бөлігін жеткілікті мөлшерде қанмен қамтамасыз ету бұзылады. Сондай-ақ COVID-19 кезінде адамның қаны тұтқыр болады, бұл қанмен қамтамасыз етуге кері әсер етеді", - дейді Александр Будик.

Айтуынша, коронавирус инфекциясы салдарынан зардап шеккен танымдық функцияларды қалпына келтіруге невролог көмектесе алады. Алайда ол үшін дер кезінде маманға қаралу қажет. Александр Будик маманға екі рет баруға кеңес берді: COVID-19 инфекциясынан кейін қалпына келген кезде және содан біраз уақыт өткен соң жағдайды бағалау үшін барған дұрыс.

"Адамның неврологиялық жағдайын анықтау және олардың танымдық функциясын бағалау үшін маман кеңесі қажет. COVID-19 инфекциясынан кейін біраз уақыт өткен соң ол қалпына келуі мүмкін. Алайда асқыну жоқ екеніне көз жеткізу үшін араға уақыт салып неврологқа бару қажет. Сондай-ақ арнайы тест тапсыру керек. Сонда ғана қорытынды жасауға болады", - деді маман.

Бұған дейін Лондон империал колледжі және Кембридж университетінің ғалымдары дәл осындай қорытынды жасады. Олар COVID-19 науқастардың ақыл-ой деңгейін едәуір төмендететінін анықтаған. Зерттеу The Lancet журналында жарияланды. Экспериментке 80 мыңнан астам адам қатысты. Тапсырмаларды орындау кезінде вируспен бетпе-бет келмеген адамдарға қарағанда ауруды жеңіл өткізгендер біраз қиналған.

Сондай-ақ дәлелдеу және жоспарлау дағдысын қажет ететін мәселелерде қиындық туындады.

Пандемия кезінде балаларда IQ төмендеді

Бұған дейін Браун университеті медицина мектебінің мамандары коронавирус пандемияcына байланысты қабылданған карантин шаралары нәрестелердің психикалық дамуына теріс әсере ететінін айтты.

Адамның танымдық даму процесіне өміріндегі алғашқы бірнеше жыл маңызды екені белгілі. Ал коронавирус пандемиясы бұл жағдайды едәуір қиындатты. Бұл балабақша, ойын алаңдарының жабылуына әкелді. Соған байланысты балалар үйде отыруға мәжбүр болды.

Жаңалықтар
0