Әлем

Бразилияда ұшақ құлап, бүтін бір отбасы қаза болды

© Photo : PixabayВид из окна самолета, крыло самолета. Архивное фото
Вид из окна самолета, крыло самолета. Архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.09.2021
Жазылу
Ұшақ орман алқабына құлап, жарылды. Кейін өрт шыққан

НҰР-СҰЛТАН, 15 қыркүйек – Sputnik. Бразилияда екі моторлы ұшақ құлап, кейін жарылды. Салдарынан жеті адам көз жұмды, деп хабарлайды РИА Новости жергілікті Globo порталына сілтеме жасап.

Оқиға сейсенбі таңертең Сан Паулу штатындағы Пирасикаба қаласында болды.

​

"Ұшақ орман алқабына құлап, жарылды. Артынша өрт шықты", - делінген хабарламада.

Өрт сөндіру қызметінің ақпаратынша, ұшақта екі ұшқыш пен бес жолаушы – бір отбасының мүшелері болған. Бәрі апат орнында қаза тапты.

Тағы оқыңыз: АҚШ-та ұшақ үйге соғылды, қаза болғандар бар – видео

Жарылыс пен өрттен олардың денесі қатты күйген, жеке басы әзірге анықталған жоқ.

Жаңалықтар
0