Өңірлер

Ақсу полицейлері рейд кезінде пәтерлердің бірінің есігін бұзып кірді

© Photo : ming daiЧеловек открывает дверь
Человек открывает дверь - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.09.2021
Жазылу
Полиция қызметкерлері төтенше жағдай қызметкерлерін шақырып, үш бала отырған пәтердің есігін ашты

НҰР-СҰЛТАН, 15 қыркүйек – Sputnik. Ақсу қаласында әйел үш баласын үйде қалдырып кеткен, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицейлер қорғаншылық органдарымен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, қолайсыз отбасыларды тексеру бойынша рейд жүргізді.

"Мәселен, 27 тамыз сағат 18:45 шамасында 8, 5 жасар және екі айлық үш баласымен тұратын әйелдің пәтерін тексеру кезінде инспекторлар ішке кіре алмады. Полицейдің сұрағына балалардың үлкені есіктің арғы жағынан жауап берді, ол анасының таңертең сыртынан жауып кеткенін айтты. Балалардың анасының қайда екенін анықтау мүмкін болмады", – деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция қызметкерлері төтенше жағдай қызметкерлерін шақырып, пәтердің есігін ашты. Пәтерде балалар жалғыз болған, олардың ең кішісі екі айда ғана.

"Балалар аш болды, заттар барлық жерде шашылып жатты, тоңазытқышта алкогольден басқа тамақ жоқ. Екі айлық қызды 8 жасар ағасы сүтпен тамақтандырған", – дейді полицейлер.

Полиция көршілерден сұхбат алды, олар бұл отбасындағы ересектер балаларды ұзақ уақыт жалғыз қалдыратынын айтты.

"Полиция қызметкерлері мен қорғаншылық органдары жас балаларды отбасынан дереу алып кетуге шешім қабылдады. Барлық бала Павлодар қаласының өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығына орналастырылды. Анасы үйге шамамен тек сағат 23:00-де келді. Сұрау салу барысында Павлодар қаласына барып жұмыс істеуге мәжбүр екенін түсіндірді", – деп атап өтті полиция.

Балалардың анасы мен олармен бірге тұратын ер адам бұрын сотталған және ата-ана міндетін орындамағаны үшін бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Қазіргі уақытта 34 жастағы ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды, материал сотқа жіберілді.

Сондай-ақ Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған соты әйелді ата-ана құқығынан айыруға талап арыз дайындамақ. Балалардың тағдырын сот шешеді.  

Жаңалықтар
0