Өңірлер

Ақтөбеде жалған ПТР анықтамасын сатқан ерлі-зайыптыға үкім шығарылды

© Sputnik / Абзал Калиевсот
сот - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.09.2021
Жазылу
Мемлекеттік айыптаушы оларға бір жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған

НҰР-СҰЛТАН, 15 қыркүйек – Sputnik. Ақтөбе қаласының №2 соты ПТР тестінің жалған анықтамасын жасап сатқан жеке клиника дәрігері мен оның жұбайына қатысты шешім шығарды.

Олар кінәлі деп танылып, әр қайсысы 200 айылық есептік көрсеткіш мөлшерінде (555 600 теңге) айыппұл арқалады, деп хабарлады Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі.

Ерлі-зайыптыға Қылмыстық кодекстің 285 бабы 2 бөлімі  - ұйымдасқан түрде жалған құжаттар жасау, сату бойынша айып тағылды.

Министрлік жалған вакцина паспортын жасау бойынша қанша қылмыстық іс қозғалғанын айтты

Сот Т.Кундолов әйелі Ж.Маханова медициналық орталықтың дәрігері екенін пайдаланып, одан ақшаға нәтижесі оң ПТР тестінің анықтамасын жасап беруді сұрағанын анықтады. Маханова онымен келіскен.

Олар сотта өз кінәларын мойындады. Мемлекеттік айыптаушы оларға бір жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған.

Сот айыпталушылардың кінәсін мойындағанын, кәмелетке толмаған үш баласы барын ескеріп, әр қайсына 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл тағайындады.

Жаңалықтар
0