Өңірлер

Жылу беру маусымы: өңірлерде көмір бағасы қанша теңге болады

© Photo : Региональная служба коммуникаций Туркестанской областиБатарея, радиатор отопления, иллюстративное фото
Батарея, радиатор отопления, иллюстративное фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.09.2021
Жазылу
Министр барлық өңірде көмір қоры жеткілікті екеніне, жылу беру маусымында дүрлігу мен тапшылық болмайтынына сендірді

НҰР-СҰЛТАН, 14 қыркүйек – Sputnik. Биыл өңірлерде көмір бағасы тоннасына 19 мың теңгеге дейін барады. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министр көмір бағасын мемлекет реттемейтінін атап өтті.

"Әкімдіктердің ақпаратынша, өңірлерде көмірдің құны тоннасына 5 мың теңгеден 19 мың теңгеге дейін өзгереді. Бұл, ең алдымен, көмірдің маркасына, өндіру шығыны мен жеткізу қашықтығына байланысты", - деді Атамқұлов үкімет отырысында.

Айтуынша, бүгінде халық тарапынан "Шұбаркөл", "Жалын" (Қарағанды облысы), "Қаражыра" (Шығыс Қазақстан облысы) кен орындарының көмірі үлкен сұранысқа ие.

Әкімдіктер өңірлік операторларды анықтады, олар қазір сауда-саттыққа делдалсыз тікелей қатысады. Көмірді соңғы тұтынушыға, яғни халыққа сатады.

Сондай-ақ министрлік әкімдіктердің дерегі негізінде 2021-2022 жылдарда коммуналдық-тұрмыстық қажеттілік пен тұрғындарға қанша тонна көмір қажет болатынын есептеді.

Жоспарға сәйкес тұтыну көлемі шамамен 9,2 миллион тоннаны құрайды, оның ішінде коммуналдық-тұрмыстық секторға – 2,8 миллион тонна, халыққа – 6,4 миллион тонна.

Министр барлық өңірде көмір қоры жеткілікті екеніне, жылу беру маусымында дүрлігу мен тапшылық болмайтынына сендірді.

Жаңалықтар
0