НҰР-СҰЛТАН, 14 қыркүйек — Sputnik. Ресейдің Әуе-десант әскері мен Қазақстанның десант-шабуылдау әскерінің бөлімшелері "Батыс-2021" бірлескен стратегиялық оқу-жаттығулардың негізгі кезеңі барысында қаладағы бірлескен шабуылдау әрекеттерін жүргізу тактикаларын пысықтады.
Бұл туралы Ресейдің Қорғаныс министрлігі хабарлады.
Оқу-жаттығулар "Мулино" полигонында өтті. Әскери шара сценарийі бойыныша, құрамында ресейлік және қазақстандық бөлімшелер бар тактикалық әуе десанты шартты қарсыластың тылында жауынгерлік тапсырманы орындауды жалғастыра отырып, жерасты коммуникациясы және қаланың тығыз орналасқан ғимараттарын пайдаланып, басып алу нысандарына қарай жылжыды.
700-ден астам қазақстандық әскери оқу-жаттығу жиынына шақырылды
Десантшылар "Сармат" арнайы көлік құралдарының жоғары мобильділігін пайдаланып, қарсыласты қоршап алды да, армия авиациясының соққы жасаушы соғыс тікұшақтарының қолдауымен жауға қарсы оқ атты.
Шабуылдаушы топтар ғимаратқа басып кіріп, баспалдақ аралықтарын, алаңдарды басып алды және сол аумаққа орнығып, жақын маңдағы ғимараттарды жаудан тазалады.
Инженерлік-шабуылдау бөлімшелері қабырғалар мен қабат арасындағы жабындарда өтпе жол тесіп, басып алған нысанды минадан тазартты.
Оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындау кезінде тактикалық әуе десантының әрекеттеріне Д-30 гаубицаларының 122 миллиметрлі батареялары қолдау көрсетті. Олар жауынгерлік тапсырманы орындау аударына армия авиациясының тікұшақтарымен сыртқы аспа аррқылы жеткізілген болатын.
Тоқаев Ауғанстандағы ахуал туралы: тікелей қауіп төндірмейді, бірақ қатер бар
"Қаладағы соғыс" оқу-жаттығуының негізгі кезеңінің эпизодына Қазақстан мен Ресейден барлығы 300-ден астам десантшы, армия авиациясына қарасты 10 тікұшақ, Д—30 гаубицаларының 122 миллиметрлі батареялар және "Поднос" 82 милиметрлі минометтер, сондай-ақ "Корнет" танкке қарсы зымыран кешендерінің 2 тобы мен "Сармат-2" жеңіл арнайы көлік құралдарының 4 бірлігі жұмылдырылды.
Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасының бірлескен стратегиялық оқу-жаттығулары жылына екі рет өтеді.
Әскердің практикалық әрекеттері 10-16 қыркүйек аралығында Ресей территориясындағы тоғыз полигонда, Балтық теңізі акваториясында, Беларусь Қарулы күштерінің бес полигонында өтеді.
"Батыс-2021" оқу-жаттығуларына Ресей мен Беларусь территориясында жеке құрамдағы 200 мыңнан астам адам, 80-ге жуық ұшақ пен тікұшақ, 760 әскери техника, оның ішінде 290 танк, 240 қару-жарақ, жаппай оқ атуға арналған реактивті жүйе мен миномет, сондай-ақ 15 кеме қатысады.