Оқиға

Бішкекте Айзада Қанатбекованы алып қашқандарға сот үкімі шықты

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуайыпталушы, архив сурет
айыпталушы, архив сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.09.2021
Жазылу
Екі күннен кейін оны алып қашқан ер адамның қызды өлтіріп, өзіне қол салғаны белгілі болды

АЛМАТЫ, 14 қыркүйек – Sputnik. Қырғызстан астанасы Бішкектің Первомай аудандық сотында сәуірде зорлық көрсетіліп, артынша буындырып өлтірілген Айзада Қанатбекованың ісі бойынша талқылау аяқталды.

5 сәуірде бір топ ер адам 27 жастағы Айзада Қанатбекованы ұрлап әкеткен болатын. Екі күннен кейін оны алып қашқан ер адамның қызды өлтіріп, өзіне қол салғаны белгілі болды. Екі мәйіт бар автокөлік Бішкек маңынан табылды. Содан кейін қызды алып қашуға қатысы бар 4 күдікті қамауға алынды.

Судья Салтанат Есенқұлова барлық сотталушы кінәлі деп танылған үкімді оқыды, деп хабарлады 24.kg.

Соған сәйкес, Замирбек Раманқұлов пен Кубаныч Токон уулу 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Әжікабыл Рысбай уулу, Сыймык Молдосариев, сондай-ақ Орузбек Нұрымбетовті сот 7 жылға бас бостандығынан айырды.

Сот барлық айыпталушыдан моральдық және материалдық залал ретінде 100 мың сом өндіріп алу туралы шешім қабылдады.

Адвокат Әсел Рысбаева жәбірленушілер сот үкіміне риза екенін жеткізді.

Айзаданың өлімі

Сәуірде қала ортасында қызды алып қашқан жағдай жұрттың жағасын ұстатты. Ішкі істер министрі Ұлан Ниязбеков пен елордалық ішкі істер басқармасы басшылығының отставкаға кетуін талап еткен митингтер өтті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Криминал в Кыргызстане (@svodka.akipress)

Қырғызстандықтар Айзаданы ұрлап кеткен сәттің бейнежазбасы болғанына қарамастан, халық милицияның кісі өлтірудің алдын алмағанына наразы болды.

Милиция Айзаданы іздеу бір минутқа да тоқтамағанын, күдіктілердің барлық танысы, мекенжайлары тексерілгенін айтты.

Айзада 8 сәуірде Балықшы қаласында жерленді. 10 сәуірде таңертең осы іске байланысты 12 полиция қызметкері, оның ішінде басшылар қызметінен босатылғаны белгілі болды. Барлығы 44 құқық қорғаушы жазаланды.

Сотталушы Нұрымбетов Айзаданы өлтірген Замирбек Теңізбаевпен қайғылы оқиғадан алты ай бұрын танысқанын айтып, оқиғаның қалай өрбігенін жеткізді. Оның айтуынша, Нұрымбетов басында аалып қашу операциясына қатысуға келіскен жоқ, "не үшін алып қашқалы жатқанын сұрадым. Замирбек Айзаданың солай істе деп сұрағанын айтты. Содан кейін келістім", дейді ол.

Оқи отырыңыз: Қойшы тауып алған: бір топ еркек алып қашқан бойжеткен өлі табылды - видео

 

Жаңалықтар
0