Өңірлер

Ақмола облысының тұрғыны өз анасын тонап кетті

© Photo : pixabay / stanbalikКартофель
Картофель - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.09.2021
Жазылу
Күдікті анасының гаражында жатқан картопты таксимен алып шыққан. Кейін жергілікті кәсіпкер әйелге сатып жіберді

НҰР-СҰЛТАН, 14 қыркүйек – Sputnik. Степногорск қаласының тұрғыны анасының гаражынан 18 қап картоп ұрлап кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ресми мәліметке сәйкес, 8 қыркүйекте қалалық полиция басқармасына 30 жастағы әйел арызданып, анасының гаражынан 18 қап картоп ұрланғанын айтты.

"Шұғыл іздестіру шаралары барысында тергеушілер 35 жастағы қала тұрғынsн анықтады. Ол арыз түсірген келіншектің ағасы болып шықты. Бұған дейін ұрлық үшін жауапқа тартылған", - дейді полицейлер.

Күдікті анасының гаражында жатқан картопты таксимен алып шыққан. Кейін кәсіпкер әйелге сатып жіберді. Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу шаралары атқарылып жатыр.

Жаңалықтар
0