Әлем

АҚШ ресейлік мұнайды сатып алуды арттырып жатыр

© AP Photo / Tony GutierrezДобыча нефти
Добыча нефти - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.09.2021
Жазылу
Сұраныс бағаның өсуіне ықпал етіп отыр. 8 қыркүйекте Urals бағасы жеті айдағы максимумге жетіп, Brent мұнайынан 1,5 долларға қымбаттады

НҰР-СҰЛТАН, 14 қыркүйек — Sputnik. Америкалық мұнай өңдеуші зауыттар жұмысы "Ида" дауылы салдарынан тоқтап қалды. Жанармай тапшылығы туындады. Энергетика министрлігі өндірушілерді қолдау мақсатында резервті ашқанымен, мұнай қоры шектеусіз емес екені белгілі, деп жазды РИА Новости.

Мексика жағалауындағы кәсіпорындар ауыр сұрыпты мұнайға бейімделген. Ал мұндай мұнайды Ресейден басқа алатын жер жоқ. АҚШ импортты рекордтық деңгейге жеткізгенімен, тағы да сатып алуды жоспарлап отыр.

Америкалық мұнай өңдеушілер мотор жанармайына деген сұранысты қанағаттандыру үшін бүкіл әлемнен сәйкес шикізат іздестіріп жатыр, деп жазды Bloomberg.

Установка гидроочистки дизельного топлива Prime D 3205 комплекса глубокой переработки нефти Атырауского НПЗ - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.08.2021
Әлем
Ресей АҚШ-қа мұнай жеткізуден екінші орынға шықты

Энергетика министрлігі Энергетика ақпараты басқармасының мәліметі (ЕІА) бойынша, мамырда Ресейден жеткізілген шикі мұнай мен мұнай өнімдерінің импорты бірден 23 процентке, күніне 844 мың баррельге дейін өсті. Мұны мысалы Мексикадан келетін жеткізулермен салыстыруға болады: мұнда өсім небәрі үш тамақты көрсетіп тұр.

Өткен жылдың өзінде-ақ ресейлік импорт тоғыз жылдық максимумге жеткен болатын. Нарықтағы теңгерімді қалпына келтіру үшін экспортты бірден төмендеткен Сауд Арабиясын ығыстырып, Ресей АҚШ жабдықтаушылары арасында екінші орынға шықты.

Америкалық мұнай өңдеуші зауыттар Венесуэладан келетін шикізаттан айырылуы себеп болып отыр. Бұл 2019 жылы Petroleos de Venezuela S. A. компаниясына санкция енгізген Дональд Трамптың "еңбегі".

Мұнайдың ауыр сортын қайта өңдеуге арналған Citgo Petroleum, Valero Energy, Chevron-ды қоса алғанда Мексика шығанағы мен Шығыс жағалау зауыттарының жағдайы мәз емес. Бұл кәсіпорындар Ресейден ең алдымен бензин өндірісі үшін қажет мазут сатып алып отыр.

"Венесуэла шикізатынан айырылып, дәстүрлі жабдықтаушылардың бағаны қымбаттатуына тап болған ОПЕК, АҚШ ресейлік мазуттың негізгі тұтынушысына айналды", - деді Оксфордтағы энергетикалық зерттеулер институтының ғылыми қызметкері Ади Имсирович.

"Ресей – әлеуетті серіктес. Себебі ол Mazut 100 секілді жартылай тазартылған майдың көп дайындайды. Бұл Венесуэла мен Таяу Шығыстағы қою, "лас" мұнайға үйренген америкалық мұнай өңдеуші зауыттар үшін аса қолайлы. Венесуэла мұнайынан айырылуына санкциялар себепші болса, Таяу Шығыстағы шикізаттың жеткізілуіне ОПЕК аясындағы келісім ықпал етті", - деп жазды Bloomberg.

Тамыздың соңында Мексика шығанағының жағалауында жүріп өткен "Ида" дауылы жағдайды күрт күрделендіріп жіберді. ЕІА қыркүйектің соңында өндіру қалпына келіп, тәулігіне 1,2 миллион баррельге дейін жетеді деп күткенімен, инфрақұрылым қатты зақымдалған. Америка нарығынан жалпы алғанда 20,6 миллион баррель ғайып болды.

Луизианада электрмен жабдықтауды қалпына келтіріп, мұнай өңдеуші зауыттарды қайта іске қосқаннан кейін мұнай бұрынғыдан да көп мөлшерде қажет болады.

Бұл туралы Exxon Mobil мәлімдеме жасап та қойды. Компания Луизианадағы зауыттарды жабуға мәжбүр болды. Энергетика министрлігі стратегиялық резервтегі мұнайды ұсынды. Екі-үш ай ішінде Exxon Mobil қорды премиум-кластағы шикізатпен қайта толтыруы керек.

Бірақ резерв шектеулі. Ендеше импортты қайта өсіруге тура келеді. Америкалық басылымдар жазғандай, "Ида" дауылынан ресейлік экспорттаушылар табысқа кенелгелі отыр.

"Қыркүйек-қазанда жеткізулер артады. Себебі Мексика шығанағындағы мұнай өндіру әлі де қалпына келтірілген жоқ", - деп жазды Bloomberg. Агенттік нарық қатысушыларына сілтеме жасап жазғанындай, бірнеше күннің ішінде ресейлік шикізаттың үш партиясын сатып алған.

Сұраныс бағаның өсуіне ықпал етіп отыр. 8 қыркүйекте Urals бағасы жеті айдағы максимумге жетіп, Brent мұнайынан 1,5 долларға қымбаттады. АҚШ-та "Ида" дауылы басталмай тұрған кезде Urals мұнайы Brent шикізатына шаққанда 1,95 доллар шегінде сатылып келді.

"Солтүстік ағын – 2" газ құбыры іске қосылар алдында Вашингтон мен Мәскеу арасындағы шиеленіс артып жатыр. Алайда нарық өз ыңғайына қарай шығарып жатыр. Бұл америкалық өндірушілер Ақ үйдің дипломатиялық және геосаяси мақсаттарымен еш байланысы жоқ екенін көрсетеді.

Жаңалықтар
0