НҰР-СҰЛТАН, 13 қыркүйек – Sputnik. Қазгидромет 14-16 қыркүйектегі ауа райына болжам жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Синоптиктердің болжамынша, республиканың солтүстігінде күн әлі де салқын болады, жел соғып, жаңбыр жауады. Бұған солтүстік-батыс циклонымен байланысты атмосфералық ағымдар әсер етеді.
Ал Қазақстанның қалған аумағында ауа райы жауын-шашынсыз.
Елдің батысында, солтүстік-батысында ауа температурасы түнде 3-15 градус, күндіз 20-28 градустан 15-20 градусқа дейін төмендейді.
Солтүстікте түнде негізгі фон 2-13 градусты құрайды, 14 қыркүйекте 2 градус үсік жүреді, күндіз 15-25 градус жылы.
Тағы оқыңыз: Құрғақшылық зардабы: сенатор ауа райына бейімделген жаңа жүйеге көшуді ұсынды
Орталық пен шығыста негізгі температуралық фон 3-12 градус, 14 қыркүйекте 3 градус үсік жүреді, күндіз 13-23 градустан 20-28 градусқа дейін көтеріледі.
Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста түнде ауа температурасы 10-18 градус, күндіз 23-30 градус жылы болады.
14 қыркүйекте мегаполистерде ауа райы қандай
- Нұр-Сұлтанда күн ашық, түнде +6, күндіз +19 градус.
- Алматыда күн ашық, түнде +17 градус, күндіз +25 градус жылы.
- Шымкентте де күн ашық, түнде +16, күндіз +30 градус ыстық.