Денсаулық

Қазақстанда "QazVac" вакцинасын өндіретін тағы бір кешен пайда болды

QazCovid-in - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.09.2021
Жазылу
"Антиген" алаңында  "QazVac" вакцинасының 300 мың валидациялық сериясы шығарылды

НҰР-СҰЛТАН, 13 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда "QazVac" шығарудың толық циклі бойынша екінші өндірістік алаң іске қосылды, деп хабарлады санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті.   

"Антиген" ғылыми өндірістік кешен "OtarBioPharm" ЖШС жанындағы биофармацевтикалық зауытпен қатар Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты әзірлеген «QazVac» қазақстандық вакцинасын шығару бойынша екінші өндірістік алаңға айналды.

Түркия QazVac-ты мойындамағаны рас па? Білім министрлігі түсініктеме берді

Қазіргі уақытта бұл кәсіпорын Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының серіктесі болып саналады. Институт "Антиген" алаңын пайдалана отырып, медициналық вакциналарды, оның ішінде "QazVac" шығарудың толық циклі бойынша екінші өндірістік алаңды әзірлеп, іске қосты.

Осы мақсатта Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен жеңілдетілген несие бойынша вакцина өндіруге арналған жаңа технологиялық жабдықтар сатып алынды.

Отандық QazVac вакцинасы дельта штамға лайықталып жасалады

Қыркүйек айында қуаты айына 1 миллион дозаға дейін жететін "Антиген" алаңында  "QazVac" вакцинасының 300 мың валидациялық сериясы шығарылды.

Халықаралық сапа стандарттары кәсіпорынға өндірістің барлық учаскелерінде жоғары техникалық деңгейге, сапа мен сенімділікке қол жеткізуге мүмкіндік береді.
 

 

Жаңалықтар
0