Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда қоқиқаздар пайда болды

© Photo : Pixabay / ElvisCZРозовый фламинго, иллюстративное фото
Розовый фламинго, иллюстративное фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.09.2021
Жазылу
Елордада Кіші Талдыкөлге ұшып келген қоқиқаздарды көру үшін кейбір тұрғындар жағалауға келіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 13 қыркүйек — Sputnik. Астанада Кіші Талдыкөл өзеніне бір топ қоқиқаз ұшып келді. Сымбатты құстарды тамашалау үшін тұрғындар жиналып жатыр, деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы.

Жағалауда ондаған адам жиналып, бойшаң құсты тамашалауда. Кіші Талдыкөлге қоқиқаздар шағын топ болып тұрақтаған. Суатта құс саны оннан асады.

Әлі жас құстар болғандықтан, реңі қалыпты алқызыл түске боялып үлгермеген.

Мамандардың айтуынша, олар қоқиқаздың ең қиыр солтүстіктегі тобы мекен ететін Қорғалжың қорығынан оңтүстікке қарай ұшып бара жатыр.

"Бұл аймақта қаншалықты ұзақ болатынын нақты айта алмаймын. Ол өздеріне, мұндағы жайылымға байланысты. Қоқиқаз ауа райын жақсы болжап, алдын ала біле алады. Ауа райының реті келіп, желдің оңтайлы бағдарын анықтаса, ұшып кетеді", - дейді Қазақстанның биотүрлілікті сақтау қауымдастығының ғылыми қызметкері Руслан Оразалиев.

Ғалымдар бұл астаналықтар үшін қала аумағында қоқиқаз тамашалаудың соңғы мүмкіндігі болуы ықтимал екенін бар. Себебі суат тартылып барады.

"Мен жақын маңда тұрамын. Күн сайын мұнда аққу, үйрек жүзіп жүргенін көремін. Су тартылмайынша, олар өзенге қонақтай береді. Мұнда биік ғимараттар салынғаннан кейін құс тұрақтайтын орын болмайды", - дейді экобелсенді Тәжібай Баулет.

Белсенділер өзенді сақтап қалуды талап етуде. Олар бұл аймақта көпқабатты тұрғын үй салу фаунаға орасан зор нұқсан келтіреді деп ойлайды.

Жаңалықтар
0