НҰР-СҰЛТАН, 13 қыркүйек – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша өткен тәулікте коронавирус пен коронавирустық пневмониядан 70 адам көз жұмды. Оның 13-і пневмониядан, 57-сі коронавирустан қайтыс болған.
13 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 78 512 адам коронавирус инфекциясынан (коронавирустан –70 184 және пневмониядан - 8 328 КВИ) емделуде, олардың ішінде 16 345 пациент стационарда, 62 167 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
Індетке шалдыққандардың арасында:
- 1 276 адамның жағдайы ауыр,
- 340 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 196 науқас өкпені жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.