НҰР-СҰЛТАН, 13 қыркүйек— Sputnik. Ресейлік дәрігер, тележүргізуші Александр Мясников балалар, егде жастағылар мен жүкті әйелдер қандай вакцина салуға тиіс екенін айтты.
"Жасы 60-тан асқандар және созылмалы сырқаты барлар міндетті түрде COVID, тұмау, пневмококктан вакцина салдыруы керек. Бұған қоса, В гепатитінен ревакцинация алған дұрыс", - деп жазды ол Telegram арнасында.
Дәрігердің айтуынша, жүкті әйелдер тұмау мен сіреспеге қарсы екпе алуы қажет. Ал балалар жасына байланысты вакцина салдыруға тиіс. Сондай-ақ, тұмау мен сіреспеге қарсы екпе жасалуы керек.
Бұған дейін Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин COVID пен тұмауға қарсы вакциналар арасында 2-4 апта өтуі қажет екенін айтқан болатын.