Өңірлер

Ауыл тұрғындары арасында жаппай төбелес шықты: полиция видеодағы адамдарды іздеп жатыр

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.09.2021
Жазылу
Төбелескен ер адамдарды бірнеше әйел айырып алмақ болды

НҰР-СҰЛТАН, 13 қыркүйек – Sputnik. Алматы облысында ауылдардың бірінде жаппай төбелес болды. Қазір полиция оқиға қатысушыларын анықтап жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Жаппай төбелестің видеосы әлеуметтік желіде тарады. Кадрдан бір топ ер адамның жаға жыртысқаны көрінеді. Дау-жанжалдың ортасында бірнеше әйел де жүр. Олар төбелескендерді айырып алуға тырысқан. Видео авторы төбелес Іле ауданында болғанын жазды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Интернет-СМИ (@kris.p.almaty.official)

Алматы облысының полициясы бұл факті бойынша тексеріс жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Әзірге текетірестің Междуречинск ауылында болғаны анықталды.

"Междуреченский кентіндегі жаппай төбелестің мән-жайы мен қатысушылары анықталып жатыр. Полицияға ешкім шағымданған жоқ, ауруханаға да ешкім түспеді", - деді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Ведомство тексеріс шараларының нәтижесі бойынша процессуалды шешім қабылданатынын нақтылады.

Жаңалықтар
0