Өңірлер

Алматы облысында оқу жылы басталғалы 209 оқушы коронавирус жұқтырды

© REUTERS / AMIR COHENоқушылар
оқушылар - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.09.2021
Жазылу
Коронавирус жұқтыру педагогтер мен балабақша тәрбиеленушілері арасында да тіркеліп отыр

АЛМАТЫ, 13 қыркүйек – Sputnik. Алматы облысында бірінші қыркүйектен бері 209 оқушы коронавирус жұқтырды. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг кезінде айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қазір облыста оқушылардың 90%-і штаттық режимде оқып жатыр. 64 мың оқушы аралас форматта оқиды. Денсаулығына байланысты 517 бала қашықтан білім алып жатыр.

"1 қыркүйектен бастап облыс бойынша балабақшада 18 бала, 120 мектепте 209 оқушы мен 47 педагог коронавирус жұқтырды. Оқушы коронавирус жұқтырса, сынып екі апталық карантинге жіберілетіні белгілі. Содан кейін қайта мектепке оралып, штаттық режимде білім алады", - деді Батыржан Байжұманов.

Сондай-ақ 244 сынып екі апталық карантинге жіберілді. Бұл барлық мектептің 1%-ін құрайды.

Айта кетері, Алматы облысы қазір коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймақта тұр.

Оқи отырыңыз: "Терезесі биік орналасқан": Атырау облысында мектеп оқушылары ауырып жатыр

 

Жаңалықтар
0