Спорт

Нұр-Сұлтанда футбол матчы жаппай төбелеспен аяқталды – видео

Жазылу
Әуесқой клубтардың отызға жуық ойыншысы футбол алаңын ережесіз жекпе-жек аренасына айналдырып жіберді

НҰР-СҰЛТАН, 12 қыркүйек – Sputnik. Екі әуесқой футбол клубының матчы жаппай төбелеспен аяқталды. Салдарынан бірнеше адамның басына ауыр соққы тиді, біреуі тіпті нокдаунға түсті.

Командалар арасындағы текетірестің себебі анықталып жатыр.

Футболшылардың жаппай төбелесі 11 қыркүйекте видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды бірқатар қазақстандық БАҚ.

AFL (Astana Fytbol Ligasy) турнирі аясында "Сайран-аренада" өткен матчта футболшылар сөзге келіп, артынша төбелеске ұласты. Қос команданың ойыншылары бір-бірін аяусыз соққыға жыға бастады. Салдарынан қатысушылардың бірі нокдаун алып, жерге құлады. Оның өз бетінше тұруға шамасы келмеді, әріптестері көмекке ұмтылды. Басқа футболшылар да түрлі жарақат алды.

Жанжалға не себеп болғаны әзірге белгісіз.

Жаңалықтар
0