НҰР-СҰЛТАН, 12 қыркүйек – Sputnik. Елордалық мониторингтік топтар өткен тәулікте 12 мекемеде карантин талаптарының бұзылғанын анықтады.
"Ең көп заңбұзушылық Есіл ауданында тіркелді – 6 нысан. Тексеріс кезінде "Zima" барлар галереясында 500-ге жуық адам болған. "Cabera" гриль-барында, "Панаехали" барында, "Khan El-Khalili" кафесінде, "Мята Platinum Nursaya" ресто-барында, "Tequila"барында жұмыс режимі сақталмаған", - деп хабарлады Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.
Алматы ауданында "Киш Миш" кафесі, "Tema" компьютерлік клубы, "Панаехали" атмосфералық бары және "Что Будет Дальше" караоке-бары карантин бұзушылар тізіміне енді.
Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтан бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды – не өзгереді
Сарыарқа ауданында орналасқан "Амарин" және "Шашлыкофф" мейрамханаларында да карантиндік шектеулер ескерілмеген.
Тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған барлық материал әкімшілік сипаттағы шаралар қабылдау үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы уәкілетті органға берілді.