Өңірлер

"Аялдамаға келіп айғайлаймын": Ақтауда такси жүргізуші жолаушыларды тегін тасып жүр

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Фотобанкке өтуАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.09.2021
Жазылу
Yandex newsTelegram
Қуандық Өміров дүйсенбі-жұма күндері таңертең жетіден сегізге дейін, кешке сегізден түнге дейін қала тұрғындарын тегін жеткізіп салады

НҰР-СҰЛТАН, 12 қыркүйек – Sputnik. Ақтау қаласының 43 жастағы тұрғыны күнде кешкісін қала ішін көлігімен аралап, жолаушыларды діттеген жеріне ақысыз апарады. Мейірімді жанның ісіне біреулер таңқалса, енді бірі ризашылық білдіреді.

Тұрғындар "Қала бойынша тегін TAXI" деп тақтайша жабыстырған көлік жүргізушісін бірден таниды. Ақша төлемей жеткендер әлеуметтік желіге жарыса жазады. Ал Қуандық Өміровтің мақсаты пандемия жағдайында тұрғындардың көңілін көтеру, сауапты іс жасау, деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы. 

"Бұл идеяны ойлап жүргеніме үш ай болды. Бірақ халық қалай қарайды деп ойладым. Ашқаныма бір жұма болды, такси тегін деп аялдамаға келіп айғайлаймын, елдер қуана-қуана мінеді. Біреулер түсінбейді, вакцина салдыртасыңдар ма деп сұрайды. Қорқатын да шығар, Маңғыстауда тегін такси тарихта болмаған дейді", - дейді Өміров.

Ақтаулық азамат автоэлектрик болып жұмыс істейді. Шағын нүктесінде 3 адамды жұмыспен қамтып отыр. Темір-терсек жөндеп, тапқан нәпақасын отбасына жұмсайды. Артық қаражатына көлігіне жанар-жағармай құяды.

Тағы оқыңыз: Ақтөбеде автобус жүргізушілері екі күннен бері жұмысқа шықпай отыр

Дүйсенбі-жұма күндері таңертең 7-ден 8-ге дейін, кешке 8-ден түн жарымға дейін қала тұрғындарын тегін жеткізіп салады. Ал сенбі, жексенбіде күні бойы жолаушыларды тасымалдайды.

"Көздеген жеріме жеттім, ақшасын төлейін десем, ақша алған жоқ. Қуанып кеттім, таңғалып жатырмын. Қазіргі кезде үлкен адамдар бар, жұмыссыздар бар, соларға үлкен көмек, жомарт жандар көбейе берсін. Еңбегі Алладан қайтсын", - дейді қала тұрғыны Әйгерім Серікбаева.

Қуандық Өміров алдағы уақытта да сауапты ісін жалғастыруды жоспарлап отыр. Мүмкіндігі болса, аптасына бір рет жолаушыларды тегін таситын автобус шығарғысы келеді.

Жаңалықтар
0