Оқиға

Ақмола облысында оқушы мектеп шатырынан құлап кетті

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.09.2021
Жазылу
Қазір жасөспірім жансақтау бөлімінде жатыр, полиция тергеу жүргізіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 12 қыркүйек – Sputnik. Мектептің жөндеу жұмыстарына қатысқан 9-сынып оқушысы шатырды ауыстыру кезінде құлап кетті. Жасөспірім жансақтау бөліміне жатқызылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оқиға Ақмола облысының Ақкөл қаласында болды. 9-сынып оқушысы Ж.Бектұров атындағы №3 жалпы білім беретін мектептің жөндеу жұмыстарына тартылған.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, жасөспірімнің бас сүйегі сынған. Қазіргі таңда аудандық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.

Бұл оқиғаны Ақмола облысының білім басқармасы да растады.

"Шынымен де, аталған мектепте жөндеу жұмыстары кезінде жұмысшы зардап шекті, ол мектеп оқушысы болып шықты. Қазір бала есін жиды, жарықты сезеді, көзін ашады. Аудандық аурухана дәрігерінің мәліметінше, санавиация дәрігері қарап шығып, бала облыстық ауруханаға тасымалдауға мұқтаж емес екенін айтқан", - деді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Тағы оқыңыз: Шымкентте 8 жасар қызды зорлады деп айыпталған бала сотталып кетті

Белгілі болғандай, мектепте күрделі жөндеуге байланысты сабақ өтпеген. Блім басқармасы дүйсенбі күні толық ақпарат беруге уәде етті.

Бұл факті бойынша аудандық полиция басқармасы тергеу жүргізіп жатыр.

Жаңалықтар
0