Әлем

Ауғанстан сарайына жайғасқан тәлібтер* оның салтанатына таңғалып жүр - видео

© REUTERS / STRINGERтәлібтер
тәлібтер - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.09.2021
Жазылу
Тау арасында тұрып келген олар үшін сарайдағы әр дүние ерекше болып көрінеді

НҰР-СҰЛТАН, 11 қыркүйек – Sputnik. Жүз елуге жуық тәліб* Кабулды басып алғаннан кейін Ауғанстанның бұрыңғы вице-президенті генерала Абдул-Рашид Дустумның сарайына жайғасты, деп хабарлады РИА Новости. 

Тау арасында тұрып келген тәлібтерді сарай салтанаты таңғалдырды. New York Times жариялаған видеода олар сарай ішін аралап, мұндай салтанат олар үшін таңсық екенін айтты. 

"Мынау жүзуге болатын бассейн. Қалада тұрсам да, мұндайды бірінші рет көріп тұрмын", - дейді  "Талибан" өкілі Джавад Абузар.

Естеріңізге сала кетейік, 15 тамызда тәлібтер Кабулды басып алды. 16 тамызда өздерінің жеңісі мен 20 жылға созылған соғыстың аяқталғаны туралы жариялады.

* - Қазақстанда тыйым салынған террористік ұйым.

Оқи отырыңыз: "Мен қазақпын!": Ауғанстаннан келген қандастар сұхбат берді – видео

 

 

Жаңалықтар
0