НҰР-СҰЛТАН, 11 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 105 адам көз жұмды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
Министрлік мәліметіне сәйкес, коронавирустық пневмониядан 21, коронавирустан 84 адам қайтыс болды.
11 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 79 884 адам коронавирус инфекциясынан (71 716 коронавирустан және 8 168 пневмониядан) емделуде, олардың ішінде 16 528 пациент стационарда, 63 356 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
Індетке шалдыққандардың арасында:
- 1 316 адамның жағдайы ауыр,
- 346 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 193 науқас өкепені жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.