АЛМАТЫ, 10 қыркүйек – Sputnik. Жамбыл облысында жарылыс кезінде жоғалып кеткен әскери қызметкер Бауыржан Дәуітбаевтың туыстары оны Қазақстанның барлық бөлігінен келіп іздеуді талап етіп отыр. Әскери бөлімнің өртке қарсы тобының 34 жастағы бастығын екі аптадан бері іздеп жатыр, алайда әлі нәтиже жоқ.
"Іздеуге аз адам жұмылдырылған. Қазақстандық барлық әскериді осында шақыру керек, неге шақырмай отыр? Бізге жүз адам жұмыс істеп жатқанын айтты, оған күмәнмен қараймыз. Бар жоғы 15 адам іздеп жатыр", - деді Дәуітбаевтың анасы КТК телеарнасына.
Туыстары ұлын табу үшін өрт басталған қойманың бетон плиталарын көтеру керек екенін айтты.
Екі апта бұрын Бауыржан Дәуітбаев ТЖД өрт сөндірушілері және әріптестерімен бірге жарылыстардың ортасында болды. Содан кейін 100-ден астам адам зардап шекті, алған жарақатынан 16 өрт сөндіруші мен әскери адам қайтыс болды. Кіші сержант бастапқыда тірі деп саналды. Оны тауда көргендер бар, содан кейін 17 шақырым жерді іздеп шықты. Алайда жарылыс кезінде аман қалғандардың айтуынша, әскери қызметкерді соңғы рет қойманың жанында көрген. Қазір оны іздеу жұмыстары жарылыс болған жерде жалғасып жатыр.
"Диаметрі өте кең. Ол жердің бәрі сыртқа атылған. Бұл қоймаға жақын жер мен айналасы зерттеліп жатыр, әрбір сантиметр зерттелуде. Бұл біз үшін де үлкен қайғы, өз әріптесімізді таппай жатырмыз", - деді қорғаныс министрлігі медиа орталығының Тараз гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы Дина Мұхаринова.
Жеке құрамның 400-ден астам әскери қызметшісі, 50-ден астам арнайы және автомобиль техникасы тартылды, минасыздандыру бойынша 10 топ құрылды.
Әскери бөлімдегі жарылыс
26 тамыз кешке Жамбыл облысының әскери бөліміндегі қоймада өрт басталып, бір сағаттан кейін қоймада оқ-дәрілер жарыла бастады. Кем дегенде 10 жарылыс болған. Төтенше жағдай салдарынан 16 адам қаза тапты, олардың арасында әскери прокурор, ТЖД қызметкерлері және әскери қызметшілер бар.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қазіргі уақытта зардап шеккендердің саны 90 адам, олардың көпшілігі алғашқы жарылыстан кейін әскерилерге көмекке келген құтқарушылар мен өрт сөндірушілер.
Жақын маңдағы ауылдардың 1 200-ге жуық тұрғыны қауіпсіздік мақсатында Таразға көшірілді. Оқиғадан кейін қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев отставкаға кетті, оның орнына Мұрат Бектанов тағайындалды. Қайғылы оқиға бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.