Әлем

Әпкесінің әрекетін әшкерелеген ер адам отбасымен жанжалдасып қалды

© Photo : pixabay/TakmeomeoДевушка и мужчина в парке на скамейке
Девушка и мужчина в парке на скамейке - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.09.2021
Жазылу
Ол қазіргі уақытта отбасы мүшелерімен арақатынасы нашарлағанын айтып отыр. Алайда ер адам бұған соншалықты қиналып жүрген жоқ

АЛМАТЫ, 10 қыркүйек – Sputnik. Ер адам жүкті әпкесінің ерсі қылығын әшкерелеймін деп жақындарымен ренжісіп қалды. Қазір барлық туысы оған қарсы шықты, деп жазды Lenta.ru.

Жігіт болған оқиғаны Reddit сайтында жазды. Айтуынша, оның 33 жастағы Сиерра және 27 жастағы Селена есімді екі әпкесі бар.

"Екеуі де тұрмысқа шыққан және екеуі де жүкті. Сиерра бірнеше жылдан бері жүкті болуға тырысып жүрді, ал бұл Селенаның екінші баласы", - дейді ол.

Ер адам іштегі баланың жынысын анықтау үшін үлкен отбасылық кеш ұйымдастырған. Екі әпкесінің де дүниеге қыз әкелетіні белгілі болды. Отбасылық кеш өткен айда болды, деп айтып берді жігіт.

Алайда біраз уақыттан кейін ер адам үлкен әпкесінің бәрін алдағанын білді. Сиерра Селенаның конвертіндегі баланың жынысын ауыстырып қойған.

"Мен Сиеррадан неге бұлай істегенін сұрағанымда, Селена баланың нақты жынысын білген кезде оның қызына деп сыйланған заттың бәрін өзіне алғысы келгенін айтты", - дейді жігіт.

Үлкен әпкесінің бұл әрекетіне ашуланып, жігіт Селена мен отбасының қалған мүшелеріне шындықты айтпақ болған.

"Селена мен оның күйеуі қатты ашуланды. Қазір ол менімен ғана сөйлеседі. Сиерра бізге барлық туысты қарсы қойды. Олар маған Сиерраны күйзеліске түсірмеуім керек екенін, оның алғашқы сәбиге аяғы ауыр екенін айтты. Егер баласына бірдеңе болса, мен кінәлі болатынымды айтты. Бірақ маған бәрібір", - дейді ол.

Жаңалықтар
0