Әлем

Ресейде отбасы қарбыздан уланып өлді  

© Photo : СС0 / congerdesignАрбуз
Арбуз - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.09.2021
Жазылу
Қарбыз ірі сауда желілерінің бірінен сатып алынған. Бұл өнімнің барлық партиясы қазір сөреден алынып тасталды

НҰР-СҰЛТАН, 10 қыркүйек – Sputnik. Мәскеуде бір отбасының үш мүшесі қарбыздан уланып ажал құшты, деп хабарлады РИА Новости.

Отбасы қарбызды ірі сауда желілерінің бірінен сатып алған болып шықты. Үйде оны 15 жасар қыз бен оның анасы, әжесі жеген. Бейсенбіде қарбыз жегеннен кейін олардың денсаулығы нашарлап кеткен.

БАҚ-тың мәліметінше, жедел жәрдем екі рет шақырылған. Әйелдер екінші рет келгенде ғана ауруханаға жатқызылған. Келесі күні үшеуі де бірінен соң бірі ауруханада қайтыс болды.

Отбасында қыздың әкесі ғана аман қалды. Ол қарбыз жемеген.

Ажалы картоптан болды: Ақмола облысында төрт адам жертөледе көз жұмды

Полиция Ресей Қылмыстық кодексінің 238-бабы (абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін қызмет көрсету) бойынша іс қозғады.

Тергеушілер пәтердегі барлық тағамды тексеріп шығатыны белгілі болды.  

Жаңалықтар
0