Саясат

Маңғыстау облысының бұрынғы әкімі сенат депутаты болды

© Photo : Официальный сайт акимата г Актау Аким Мангистауской области Серикбай Трумов
 Аким Мангистауской области Серикбай Трумов - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.09.2021
Жазылу
Ол 2019 жылдан 2021 жылға дейін Маңғыстау облысының әкімі қызметін атқарды. Орнына энергетика министрі болған Нұрлан Ноғаев тағайындалды

АЛМАТЫ, 10 қыркүйек – Sputnik. Маңғыстау облысының бұрынғы әкімі Серікбай Трұмов сенат депутаты болып тағайындалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Мемлекет басшысының жарлығымен Серікбай Өтелгенұлы Трұмов парламенті сенатының депутаты болып тағайындалды", - делінген Ақорда жариялаған ақпаратта.

Трұмов 2019 жылдан 2021 жылға дейін Маңғыстау облысының әкімі қызметін атқарды. Оның орнына энергетика министрі болған Нұрлан Ноғаев келді. Ал энергетика министрі қызметіне бұрын экология, геология және табиғи ресурстар министрі болған Мағзұм Мырзағалиев тағайындалды.

Жаңа депутат туралы не білеміз

1964 жылдың 3 маусымында Маңғыстау облысы Форт-Шевченко қаласында дүниеге келген.

1992 жылы инженер-құрылысшы мамандығы бойынша Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын тәмамдаған. 1983-1985 жылдары кеңес армиясы қатарында әскери міндетін өтеді.

1985-1990 жылдары "Маңғышлақауылқұрылыс-12" трестінде бетонщик, жүргізуші, құрылыс механизациясы мен көлік басқармасының жүргізушісі қызметтерін атқарды. Одан кейін Қазақстан ЛКЖО Форт-Шевченко қалалық комитетінің бірінші хатшысы, "Түпқараған" ЖШС жетекші директоры, аудан әкімі, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болды. Ал 2012 жылы Жаңаөзен қаласының әкімі болып тағайындалды.

2015 жылдың шілдесінен бастап Ақтау қаласының әкімі болды. Екі жылдан кейін Маңғыстау облыстық мәслихатының хатшысы қызметіне тағайындалды. 2017 жылы қарашада Маңғыстау облыстық мәслихатының хатшысы болып сайланды.

2019 жылдың маусымынан бастап Маңғыстау облысының әкімі болып қызмет етті.

Жаңалықтар
0