Қоғам

"Мен қазақпын!": Ауғанстаннан келген қандастар сұхбат берді – видео

© Photo : Пресс-служба МИД Казахстана Тридцать пять кандасов вернулись из Афганистана в Казахстан
Тридцать пять кандасов вернулись из Афганистана в Казахстан - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.09.2021
Жазылу
9 қыркүйекте қорғаныс министрлігінің арнайы ұшағы Кабулдан Алматы қаласының әуежайына 41 жолаушымен ұшып келді

НҰР-СҰЛТАН, 10 қыркүйек – Sputnik. Ауғанстандағы қандастарды Алматыға арнайы ұшақпен жеткізілген сәттің видеосы жарияланды. Тарихи Отанына оралған қазақтар сұхбат беріп, өз алғысын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPUTNIK|ҚАЗАҚСТАН (@sputnik_kz)

"Атамекенімізге келіп отырмыз. Бізді алып келгені үшін алдымен президент мырзаға, көмектескен басқа да адамдарға, журналистерге, Ауғанстандағы елшімізге мың алғыс, өте қуаныштымыз. Сау болыңыз! Аман болыңыз! Бар болыңыз!", - дейді Хасан Дерман.

Оның айтуынша, әйелі келе алмаған. Себебі төлқұжаты болмаған. Ал Хасанның өзі анасымен, екі інісімен және үш қарындасымен бірге Қазақстанға келген.

"Елшілікте "мен қазақпын" дедік. Тахар қаласынан келдік. Ол жаққа 100 жыл бұрын барғанбыз. Одан кейін бізді комиссияға шақырды. Сұрақ қойды. Руың қандай? Байланыста барсың ба? Жоқсың ба? Қазақстанда туысқандарың бар ма? Жоқ па? Осының бәрін сұрады. Біз жауап бердік. Менің руым – Қожа. Ұлтымыз – қазақ", - деп атап өтті Хасан.

Хасанға Қазақстанда қалуға рұқсат беретін виза рәсімдеп берген. Одан кейін жол ашылса, Өзбекстан арқылы баруға болатынын айтқан. Бірақ жол ашылмады. Артынан қандастарымызды арнайы ұшақпен алып келуге шешім қабылданды. Хасан да осы ұшаққа мінді.

Ауғанстаннан келген қандастардың ішінде Шірәлі Өзбәки де бар. Ол да өз алғысын жеткізді.

Айта кетері, 9 қыркүйекте қорғаныс министрлігінің арнайы ұшағы Кабулдан Алматы қаласының әуежайына 41 жолаушымен ұшып келген. Олардың ішінде Қазақстанның 4 азаматы, Қырғызстанның 1 азаматы және Қазақстанда тұрақты тұратын 1 ауған бар. Келген жолаушылар карантиннен өту үшін уақытша оқшауланады.

Эвакуациялық рейсті ұйымдастыру "Талибан" қозғалысымен үйлестіріліп жүзеге асырылды.

Оқи отырыңыз: Ауғанстаннан 35 қандас Қазақстанға оралды 

Қазақстанның Кабулдағы елшілігі қалыпты режимде жұмыс істейді және Ауғанстанда тұратын қандастармен тұрақты байланыста болады. Өтініш берушілердің этникалық сәйкестігін растау және қандастарды қайтару жұмыстары жалғасып жатыр.

Бұған дейін 18 тамызда Қазақстан Ауғанстаннан өзінің 25 азаматын және Қырғызстан, Ресей мен Литваның 16 азаматын эвакуациялады. Бұдан басқа, Алматыға Кабулдан Ауғанстанға көмек көрсету жөніндегі БҰҰ Миссиясы (UNAMA) және басқа да халықаралық ұйымдардың кеңселері уақытша көшірілді.

Жаңалықтар
0