Елорда тынысы

"Ешкімнен қорықпайтынын айтты": танысын зорлаған астаналық сотталды – видео

© Sputnik / Табылды Кадырбеков / Фотобанкке өтуНаручники
Наручники  - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.09.2021
Жазылу
Yandex newsTelegram
Жәбірленушінің адвокаты сотталған ер адам тергеуге де, жәбірленушіге де қысым жасағанын жеткізді

АЛМАТЫ, 9 қыркүйек – Sputnik. Нұр-Сұлтанда танысын зорлап, ұрып-соққан ер адам бес жылға бас бостандығынан айырылды. Қылмыс былтыр жазда болған, деп хабарлады "Астана" телеарнасы.

Жәбірленуші бойжеткен оқиғадан кейін күдікті өзін қорқытып, үндемеуі үшін пара ұсынғанын айтты. Тіпті тергеуге қысым жасаған.

Бір жыл бұрын ер адам ішімдік пен есірткі әсерінен мас екенін айтып, бойжеткеннен көмек сұраған. Алайда кездескен кезде оған бас салған. Былтырдан бері бойжеткен әділдік іздеді.

"Ол бәрін сатып алатынын, ешкімнен қорықпайтынын және менің ісім сотқа жетпейтінін айтты. Істі жай ғана жабуды ұсынды", - деді Әнел.

Іс расымен де қылмыс құрамының болмауына байланысты жабылған. Мән-жайын анықтау бір жылдан аса уақытқа созылды.

Жәбірленуші адвокатының айтуынша, осы уақыт ішінде ер адам тергеуге де, жәбірленушіге де қысым жасаған. Артынша маңызды дәлелдер жоғалған, сараптама жасалмай, тергеушілер ауысқан.

Енді ер адам бес жылға бас бостандығынан айырылып отыр.

"Хабарлама жазып, қорқытқан, намысына тиіп, жала жауып, жәбірленушіге қатысты жалған мәлімет таратылды. Осындай әрекет тергеу басталғаннан бері болды. Үкімнің шыққаны бойжеткеннің көңілін жайландырды. Мұның мәні қылмыскерді ұзақ уақытқа темір торға қамауда емес, оның жазадан қашып құтыла алмағанында", - деді жәбірленушінің адвокаты Назар Әбинов.

Ол сондай-ақ әділетке жәбірленушінің табандылығының арқасында қол жеткізгенін айтты. Себебі көп жағдайда әйелдер бұл туралы айтпайды немесе оқиғаны еске түсіргісі келмейді. Сотқа дейін мұндай істердің бір бөлігі ғана жетеді.

Мысалы, бес жыл ішінде 19 мыңнан астам қазақстандық отбасында зорлық-зомбылыққа ұшыраған. Ресми түрде осындай алты қылмыс тіркелді. Жыл сайын үй ішіндегі зорлаушы қолынан 400-ге жуық әйел қайтыс болады.

Жаңалықтар
0