Экономика

Құрғақшылық зардабы: сенатор ауа райына бейімделген жаңа жүйеге көшуді ұсынды

© Photo : СС0 / klimkinқуаңшылық
қуаңшылық - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.09.2021
Жазылу
Елдің солтүстік облыстарында дәнді дақылдарды ерте себудің салдарынан өнімнің үштен бір бөлігінен айырылдық, дейді сенатор

НҰР-СҰЛТАН, 9 қыркүйек – Sputnik. Сенат депутаттары құрғақшылық жылдары ауыл шаруашылығы зардап шекпес үшін ауа райы жағдайына бейімделген ауыл шаруашылығын жүргізудің жаңа жүйесіне көшуді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Сенатор Ақылбек Күрішбаевтың айтуынша, құрғақшылық болашақта да қайталануы мүмкін.

"Биылғы құрғақшылық ауыл шаруашылыңы өндірісінің тұрақсыздығын және ауа райына қаншалықты тәуелді екенін көрсетті. Дәл осындай табиғи апаттар орын алатын дамыған аграрлық елдердің ешқайсында біздегідей өнімділіктің төмендеп кетуі кездеспейді", - деді ол премьер-министр Асқар Маминге жолдаған депутаттық сауалында.

Сол себепті депутат әр өңір ауа райы жағдайына бейімделген ауыл шаруашылығын жүргізудің жаңа жүйесіне, яғни, тәуекелдерді басқару режиміне ауысуы керек деп санайды.

Біріншіден, Күрішбаевтың айтуынша, Қазақстанның гидромет қызметін жаңғырту қажет. Өйткені ауа райының нақты болжамының болмауынан фермерлер егін егудің оңтайлы мерзімін анықтай ала алмай отыр.

Оқи отырыңыз: Үш миллионнан астам малдан айырылайық деп отырмыз – Садырбаев

"Біздің есебіміз бойынша биыл елдің солтүстік облыстарында дәнді дақылдарды ерте себудің салдарынан өнімнің үштен бір бөлігінен айырылдық. Бұл тек қана бір мысал", - деді ол.

Екіншіден, отандық сорттардың селекциясын дамыту мәселесі өте маңызды. Құрғақшылыққа төзімді сорттарды тек биотехнологиялық заманауи әдістер негізінде ғана жасауға болады. Алайда мұндай зерттеулерді қажетті көлемде қаржыландыру мәселелері әлі де шешілген жоқ, деп қапаланды сенатор.

Үшіншіден, облыстардың ауыл шаруашылығының мамандануына баса назар аудару керек. Әйтпесе қазір әркім қауқары неге жетеді, сонымен айналысып кетті, дейді Күрішбаев.

"Мал шаруашылығын мал азығы шектеулі жерлерде дамытамыз. Өте құрғақ аймақта интенсивті дақылдарды себетін болдық. Ал АҚШ-та, Канадада фермерлердің белгіленген бағыттарын сақтауы мемлекет тарапынан нақты реттеліп отырады", - деп атап өтті халық қалаулысы.

Жаңалықтар
0