Әлем

Бір жылда 101 келіге арықтаған әйел өзіне жаңа хобби тапты

© Photo : Рixabay/TeroVesalainenВесы
Весы - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.09.2021
Жазылу
Әйелге буын гипермобильділігі, остеоартрит, липедема синдромы диагнозы қойылған. Ол біреудің көмегінсіз қозғала алмай қалды

НҰР-СҰЛТАН, 9 қыркүйек — Sputnik. Ұлыбританияда 48 жастағы Кэтлин Вутон бір жылда 101 келіге арықтап, өзіне жаңа хобби тапты, деп хабарлайды Лента.ru.

Әйелге буын гипермобильділігі, остеоартрит, липедема синдромы диагнозы қойылған. Ол біреудің көмегінсіз қозғала алмай қалды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kathleen Wotton (@ocean_calls_swimmer)

Денсаулық жағдайына байланысты үйінен шыға алмаған. Туыстарын да сирек көретін. 

Бір күні Вутонға суда жүзетін топ ұсыныс жасады. Әйел суға кірген кезде көзіне жас үйірілгенін айтады.

"Суға түскен кезде тұман сейілгендей болды. Денемнің қозғалғанын қайта сезіне бастадым. Керемет әсерде болдым", - деді ол.

Бұдан соң әйел жүзумен айналысып, 101 келі артық салмақтан арылған.

Сондай-ақ, жүзудің арқасында буын сырқаты мазаламайтын болған.

Жаңалықтар
0