Оқиға

Жамбыл облысында 25 жастағы жігіт 35 қойды қағып өлтірді

© Sputnik / Владислав ВодневБаран, архивное фото
Баран, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.09.2021
Жазылу
Hyundai Solaris жүргізушісі жолды кесіп өтпек болған бір отар қойды абайсызда қаққан

НҰР-СҰЛТАН, 9 қыркүйек – Sputnik. Жамбыл облысында шымкенттік жігіт 35 қойды қағып өлтірді, деп хабарлады Polisia.kz.  

Сиырлар - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.04.2021
Оқиға
Сиырларды қағып кеткен: Алматы облысында жол апатынан бір адам көз жұмды
9 қыркүйекте сағат 08:00 шамасында "Батыс-Еуропа-Батыс-Қытай" тас жолының 325 шақырымында жол апаты болды.

Hyundai Solaris автокөлігінің жүргізушісі Алматыдан Тараз қаласы бағытында келе жатып, жолды кесіп өтпек болған бір отар қойды абайсызда қаққан.

Жүргізуші 25 жастағы Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты. Салдарынан 35 қой өліп, 15 бас қой жараланған.

Автокөлік жүргізушісі түрлі жарақатпен Меркі аудандық ауруханасына жеткізілді. Көлік айыптұраққа қойылды.

Жаңалықтар
0