Экономика

Тараздық кәсіпорын тарифті орындамағаны үшін айыппұл арқалады

© Sputnik / Владислав Водневэлектр желілері
электр желілері - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.09.2021
Жазылу
Ол бекітілген тарифтік сметаны қатаң түрде орындауға міндетті болған. Бірақ заң бұзушылыққа жол берген

НҰР-СҰЛТАН, 9 қыркүйек — Sputnik. "Таразэнергоорталық" акционерлік қоғамы бекітілген тарифтік сметаны орындамағаны үшін 4,6 миллион теңге көлемінде айыппұл төлейтін болды.

Сметтаның орындалмағанын Қазақстан Ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу комитетінің қызметкерлері анықтады.

Ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінде жергілікті монополист тарапынан жасалған заң бұзушылықтар компания жұмысына анализ жүргізу барысында анықталғанын айтты.

Коммуналдық қызметтер тарифі неге өсіп жатыр

"Таразэнергоорталық" акционерлік қоғамы жылу энергиясын өндіру және жабдықтау қызметі бойынша табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеуінің жергілікті бөліміне енгізілгенін есепке алсақ, ол бекітілген тарифтік сметаны қатаң түрде орындауға міндетті болған. Бірақ заң бұзушылыққа жол берген.

"Таразэнергоорталық" АҚ бекітілген тарифтік сметаны орындамағаны анықталды. Қазақстан Республикасының "Табиғи монополиялар туралы" заңының 26-бабы 2-тармағы 15-тармақшасына сәйкес, табиғи монополиялар субъектісі бекітілген тарифтік сметаны орындауға міндетті. Осыған байланысты табиғи монополияларды реттеу комитетінің өңірлік департаменті Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексінің 164-бабы 4-бөлімі бойынша АҚ-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғады және әкімшілік айыппұл салды", - деп жазылған аталған комитет таратқан ақпаратта.

Акционерлік қоғамға салынған айыппұл көлемі 1 600 АЕК – 4 667 200 теңгені (шамамен 10 930 доллар) құрады.

Жаңалықтар
0