Саясат

Тоқаев энергетика министрін тағайындады

© Sputnik / Абзал КалиевМинистр экологии, геологии и природных ресурсов Казахстана Магзум Мирзагалиев
Министр экологии, геологии и природных ресурсов Казахстана Магзум Мирзагалиев - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.09.2021
Жазылу
Ведомствоны бұған дейін басқарған Нұрлан Ноғаев екі күн бұрын Маңғыстау облысына әкімі болып кетті

НҰР-СҰЛТАН, 9 қыркүйек –  Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Мағзұм Мырзағалиев энергетика министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.   

"Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев Қазақстан Республикасының энергетика министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрі лауазымынан босатылсын", - делінген құжатта.

Жаңа министрдің кандидатурасын мәжіліс депутаттары мақұлдады. Мағзұм Мырзағалиев алдымен сұрақтарға жауап беріп, энергетика саласын дамытуға қатысты өз ойын айтты.

Атап айтқанда, президенттің қауіпсіз және экологиялық атом энергетикасын дамыту тапсырамасына басымдық берілді. Бұдан бөлек, депутаттар газдандыру және мұнай-газ саласын дамыту мәселесіне назар аударды. Баламалы энергетиканы нығайту жайы да сөз болды.

Айта кетері, бұған дейін энергетика министрі болған Нұрлан Ноғаев 7 қыркүйекте Маңғыстау облысының әкімі болып тағайындалды.

Мағзұм Мырзағалиевтің өмірбаяны

1978 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 1999 жылы "Тұран" университетін "экономист" мамандығы бойынша тәмамдаған. Ал 2003 жылы сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық академиясын "халықаралық қатынастар экономисі" бойынша бітірді.  

2000-2001 жылдары – Ақмола облыстық орман басқармасының қаржы және экономикалық талдау бөлімінің бас маманы;

2001-2002 жылдары – MI Drilling Fluids International Атырау бөлімшесінің техника қауіпсіздігі менеджері;

2002-2004 жылдары – Хьюстон (АҚШ) және Куала-Лумпур (Малайзия) қалаларында тағылымдамадан өтті;

 2004-2007 жылдары – "MI Drilling Fluids International" Ақтау бөлімшесінің өндіріс бойынша менеджері;

2007-2010 жылдары – "ТеңізСервис" ЖШС бас директоры;

2010-2012 жылдары – "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ сервистік жобалар жөніндегі басқарушы директоры;

2012-2013 жылдары – "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ сервистік жобалар мен инновациялық даму жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары;

 2013 жылдың қазанынан бастап – мұнай және газ вице-министрі;

 2014 жылдың тамызынан бастап 2019 жылдың маусымына дейін – энергетика вице-министрі;

2019 жылдан бастап бүгінге дейін экология, геология және табиғи ресурстар министрі қызметін атқарды.

Жаңалықтар
0