Беларусь мемлекеттік шекара комитеті өлген бұланды көрсетті.
Жануар тікенек сымнан жасалған қоршаудан өтпек болған кезде алған жарақатынан өлген.
Бұған дейін Литва көші-қон ағынын тежеу үшін Беларусь шекарасына қоршау орнатқан болатын.
2021 жылы Беларусь-Литва шекарасы арқылы заңсыз өткендер саны жүздеген есе өсті, ал Литва билігі ауқымды көші-қон дағдарысының басталғанын жариялады.
Африка мен Таяу Шығыстан келген мыңдаған босқын Беларусь аумағы арқылы Еуроодақ елдеріне заңсыз кіруге тырысқан.