Қоғам

Ахметжанов жемқорлықпен күрес жөніндегі мемлекетаралық кеңесті басқарады

© Photo : СЦКЗаместитель генерального прокурора РК Марат Ахметжанов
Заместитель генерального прокурора РК Марат Ахметжанов - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.09.2021
Жазылу
Кеңес ТМД-ға мүше мемлекеттер қабылдаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы міндеттемелердің орындалуын бақылайды

НҰР-СҰЛТАН, 9 қыркүйек – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Марат Ахметжанов ТМД сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекетаралық кеңесінің төрағасы болды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мемлекетаралық кеңестің VI отырысы өткенін, онда Ахметжанов төрағалыққа сайланғанын хабарлады.

Айта кетері, кеңес қатысушы мемлекеттер қабылдаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы бірлескен іс-әрекеттерді үйлестіреді және міндеттемелердің орындалуын бақылайды.  

Марат Ахметжанов өз сөзінде Қазақстан "сыбайлас жемқорлықтың барлық түрін жою бағытын ұстанатынын және одан әрі жемісті ынтымақтастық орнатуға дайын" екенін баса айтты.

Оқи отырыңыз: Тоқаев энергетика министрін тағайындады 

Сондай-ақ ол қылмыстық процесті жаңғыртуға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың қосымшаларына және мемлекет басшысының жолдауында көтерілген бастамаларға ерекше назар аудара отырып, елімізде жүргізіліп жатқан реформалар туралы айтты.

Отырысқа сонымен қатар бас прокурорлар мен ТМД-ға мүше мемлекеттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы мамандандырылған органдарының басшылары қатысты.  

Жаңалықтар
0