Білім

Қазақстан мектептерінде жаңа қызмет пайда болды

© AP Photo / Thanassis StavrakisУчительница работает за компьютером в пустом классе
Учительница работает за компьютером в пустом классе  - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.09.2021
Жазылу
Министрлік педагог-ассистенттерді басқа да білім беру ұйымдарына қосу, олардың жұмыс жүктемесін анықтау бойынша жұмыс жүргізіп жатыр

АЛМАТЫ, 8 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан мектептерде педагог-ассистент қызметі енгізілді, деп хабарлады білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

"Мұндай мамандар ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушыларды оқытуда, яғни инклюзивті білім беруде сұранысқа ие. Олар балалардың мектепке тез сіңісіп кетуіне көмектеседі. Еліміздің барлық өңірінде 700-ге жуық педагог-ассистент жұмысқа кірісті", - делінген ақпаратта.

Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Гүлмира Кәрімованың айтуынша, педагог-ассистенттің қызметке кірісуі мұғалімді алмастыру дегенді білдірмейді. Педагог-ассистентке педагогика мен психология бағытында ерекше мақсат-міндет қойылған.

"Педагог-ассистенттің қызметіне балаларды бағыттау, олардың оқу процесіне бейімделуіне көмектесу жатады. Әңгіме ерекше қажеттіліктері бар балалар туралы болғандықтан, педагог-ассистент техникалық қолдау да көрсете алады. Мәселен, бала өз бетінше қозғала алмаса немесе балаға дефектолог көмегі қажет болса, педагогикалық қолдау көрсетеді", - дейді Кәрімова.

Сондай-ақ педагог-ассистент ерекше білім беру қажет балаларға арналған жеке білім беру бағдарламасын әзірлеуге қатысады. Қажет болған жағдайда оқу бағдарламасы білім алушының қажеттілігіне қарай бейімделеді.

Мұндай мамандар ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау үшін қажетті жағдайдың сақталуын қадағалайды.

Министрлік педагог-ассистенттерді басқа да білім беру ұйымдарына қосу, сондай-ақ олардың жұмыс жүктемесін анықтау бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

Жаңалықтар
0