Әлем

Мұғалімдерді арбалетпен атқан бойжеткен өз әрекетін түсіндірді

© Sputnik / Табылды КадырбековДевушка закрывает лицо руками, архивное фото
Девушка закрывает лицо руками, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.09.2021
Жазылу
Қазіргі кезде адам өлтіруге оқталу әрекеті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 8 қыркүйек – Sputnik. Украинада мұғалімдерді арбалетпен атқан 19 жастағы бойжеткен осы қылмысқа не себепті барғанын түсіндірді, деп хабарлайды РИА Новости.

6 тамызда Полтава қаласында жас қыз мектепке баса-көктеп кіріп, мұғалімдерге арбалетпен оқ жаудырған. Екі педагог жарақат алды. Қайтыс болғандар жоқ. Арбалет асынып келген қыз ұсталды.

Қыз шашын жасыл түске бояп тастаған. Ал екі қолы кесілген. Полицейлер оның осы мектепте төртінші сыныпқа дейін оқығанын анықтады. Одан жауап алу кезінде қылмысқа не себепті барғаны белгілі болды.
Күдікті психолог мамандығы бойынша оқыды.

Оның айтуынша, 4 қыркүйектен 5-сіне қараған түні түсінде біреуді өлтіру керек деген аян кірген. Ол ата-анасы сыйлаған арбалетті алып, мұғалімдерді атуға шыққан. Бірақ не себепті мектепті таңдағанын нақты айта алмады.

Қазіргі кезде адам өлтіруге оқталу әрекеті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Еске сала кетері, осыған ұқсас оқиға биыл 11 мамырда Ресейдің Қазан қаласында болған еді. 19 жастағы Ильназ Галявиев өзі бітірген №175 гимназияда жарылыс жасап, оқ жаудырды. Жеті оқушы мен екі мұғалім көз жұмды. Тағы 24 адам жарақат алды.

Жаңалықтар
0