Қоғам

Жыл басынан бері 12 мыңнан аса этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

© Sputnik / Евгений Биятов / Медиабанкке өтуВыборы президента Казахстана в посольстве Казахстана в РФ
Выборы президента Казахстана в посольстве Казахстана в РФ - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.09.2021
Жазылу
1991 жылдан бері елге 1 миллион 82,8 мың этникалық қазақ оралған. 2020 жылы Қазақстанда "оралман" термині "қандас" сөзіне алмастырылды

АЛМАТЫ, 8 қыркүйек – Sputnik. Жыл басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, 2021 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша 12 501 адам тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды.

Олардың басым бөлігі (76%) Өзбекстаннан келді. Атамекеніне оралғандардың 9,8%-і Қытайдан, 6,8%-і Түрікменстаннан, 2,5%-і Моңғолиядан келген. Ал қалған 4,9%-і басқа елдерден келді.

Этникалық қазақтар негізінен Алматы (28,4%), Маңғыстау (19,5%), Түркістан (13,8%) және Жамбыл (8,2%) облыстарына, сондай-ақ Шымкент (10,4%) қаласына қоныстанды.

Арасында жартысынан көбі, 55,2%-і еңбекке жарамды. 27,1%-і еңбекке қабілетті жасқа жетпеген. Ішінде 17,6%-і – зейнеткер.

"Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңейі бойынша 11%-і жоғары білімді, 39,4%-і орта кәсіби білімді, 45,7%-і жалпы орта білімді және 3,9%-нің білімі жоқ", - делінген ақпаратта.

Айта кетері, 1991 жылдан бері елге 1 миллион 82,8 мың этникалық қазақ оралған. 2020 жылы Қазақстанда "оралман" термині "қандас" сөзіне алмастырылды.

Жаңалықтар
0