Денсаулық

Вакцина алғандар арасында COVID-19 жұқтырғандар қанша

© REUTERS / FADEL SENNAВакцина
Вакцина - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.09.2021
Жазылу
Ресми мәліметке сәйкес, басым бөлігі "Спутник V" вакцинасын салдырған

НҰР-СҰЛТАН, 8 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина алған 20 мыңнан астам адам инфекция жұқтырды. Бұл туралы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Зәуре Ахметова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Коронавируспен ауырып шыққан адамдардың 99,9 проценті – вакцина алмағандар. Ал қалған 0,1 проценті – 20 211 адам екпе салдырды. Олардың ішінде 7 070 адам вакцинаның бірінші компонентін алып, артынан коронавирусты жұқтырған", - деді Ахметова орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Комитет басшысының орынбасары нақты қай вакцинадан кейін қанша адамның вирус жұқтырғанын да айтты. Ресми мәліметке сәйкес, басым бөлігі "Спутник V" вакцинасын салдырған. Осы екпені алған 6 108 адамнан коронавирус анықталды.

QazVac - 172, HayatVax - 553, ал CoronaVac салдырғандардың арасында 218 адам вирусқа шалдыққан.

"Вакцинаның екінші компонентінен кейін 13 141 адам ("Спутник V" - 11 101, QazVac - 231, HayatVax - 1448, CoronaVac - 341 адам) коронавирус жұқтырды. Ол шамамен 0,2 процентті құрайды", - деп атап өтті Ахметова.

Ал денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шорановтың айтуынша, коронавируспен ауырып шыққан адамдардың арасында ауруды қайта жұқтыру оқиғалары да бар. 2020 жылдың наурыз айынан бері ондай адамдардың саны 23 мыңға жеткен.

Оқи отырыңыз: Вакцина алмағандарды тексеру басталады: алгоритм бекітілді

 

Жаңалықтар
0