Қоғам

Танымал эпидемиолог Сәкен Әміреев коронавирустан қайтыс болды

© Photo : КазНМУ имени С. АсфендияроваСкончался основоположник школы эпидемиологии Казахстана Сакен Амиреев
Скончался основоположник школы эпидемиологии Казахстана Сакен Амиреев - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.09.2021
Жазылу
Қазақстандағы эпидемиология және вакциналау мектебінің негізін қалаушы, медицина ғылымдарының докторы короновирустан көз жұмды

НҰР-СҰЛТАН, 8 қыркүйек –  Sputnik. Қазақстандағы клиникалық және фундаменталды медицина академигі, эпидемиолог-вакцинолог Сәкен Әміреев 81 жасында өмірден озды, деп хабарлады С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің баспасөз қызметі.

"Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласы мен С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті үлкен орны толмас қазаға ұшырады. Бүгін таңертең Қазақстандағы эпидемиология және вакциналау мектебінің негізін қалаушы, медицина ғылымдарының докторы, профессор Әміреев Сәкен Әміреұлы короновирустан көз жұмды", - делінген ресми хабарламада.

Cәкен Әміреев – 700-ге жуық мақала мен тезистердің авторы. Соның ішінде 50 шақты еңбегі шетелдік басылымдарда жарық көрді. Ал әлем бойынша алғаш рет қазақ және орыс тілдерінде басылған "Инфекциялық (паразиттік) аурулар кезінде іс-шаралар алгоритмі мен жағдайларды стандартты анықтау әдістері" нұсқаулығы инфекция мен инвазияның 115 формасын қамтиды. Осы оқулықтың арқасында дәрігерлер эпидемиологиялық, клиникалық және зертханалық көрсеткіштер бойынша аурудың патологиясын дер кезінде анықтай алады.

Бұдан бөлек, профессор Әміреев "Қолданыстағы иммундау" ұлттық нұсқаулығын шығарды. Онда иммундаудың өзекті мәселелері, соның ішінде нақты әрі негізгі қарсы көрсетілімдер жазылған.

Сәкен Әміреев "Қазақстандағы ЖОО-лардың үздік оқытушысы" атағына ие болды.  Қазақ ҰМУ-да эпидемиология кафедрасының ашылуына атсалысты.

Ғалым пандемияның алғашқы күндерінен бастап коронавируспен күресте алдыңғы қатарда жүрді.

Жаңалықтар
0