Әлем

Ресейде көпқабатты үйде ондаған пәтер опырылып құлады – видео

© Sputnik / Виталий Белоусов / Медиабанкке өтуВзрыв газа в жилом доме в Ногинске
Взрыв газа в жилом доме в Ногинске - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.09.2021
Жазылу
Тергеу комитеті қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету бабы бойынша қылмыстық іс қозғады

НҰР-СҰЛТАН, 8 қыркүйек – Sputnik. Ресейдің Ногинск қаласындағы тоғыз қабатты үйде газ жарылды. Соның салдарынан үш қабаттың конструкциясы опырылып құлады, деп хабарлайды РИА Новости.

Жарылыс кезінде 24 пәтерге зақым келген. Екі адам қайтыс болды, бес адам жарақат алды.

Ресми мәліметке сәйкес, жарылыс Богородский ауданында болған. 28 маусым көшесінде орналасқан үйде таңғы сағат 06:55-де (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 9:55-те) газ жарылды. Екінші және үшінші қабат опырылып құлады. Сондай-ақ, төртінші қабат та жартылай бұзылды.

Әлеуметтік желіде төтенше жағдайдың видеосы тарап кетті. Одан жартылай бұзылып қалған тұрғын үйді анық көруге болады. Жарылыс кезінде терезелер мен шынылар жан-жаққа ұшып кеткен.

Тұрғын үйден 170 адам эвакуацияланды. Құтқарушылар мен росгвардия жасақтары үйінділерді қопаруға кірісті.

"Ногинск қаласындағы жарылыс кезінде екі адам қайтыс болды. Бес адам жарақат алды. Қайтыс болғандар – әйел мен ер адам", - дейді тергеу комитеті басшысының көмекшісі Анна Тертичная.

Үш адам, соның ішінде екі баланы құтқарып үлгерді. Тағы төрт тұрғынды ауруханаға жеткізген.

"Қазіргі кезде хирургия бөлімінде зардап шеккен үш адам емделіп жатыр. Ал нейрохирургияда – екі адам, біреу жансақтау бөліміне жатқызылды. Тағы бір әйелге гипс салынды", - деді дәрігерлер.

Тергеу комитеті қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Жаңалықтар
0