Денсаулық

Дәрігер күзгі күйзеліске түспеудің әдісін атады

© Photo : СС0 / StockSnapЖенщина за работой
Женщина за работой - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.09.2021
Жазылу
Күзде адамның эмоционалды тонусы күн сәулесінің азаюы, жаңбырдың жиі жаууы мен күннің қысқаруына байланысты төмендейді

АЛМАТЫ, 8 қыркүйек – Sputnik. Дәрігер қалай күзгі көңілсіздіктен арылуға болатынын айтты.

Эндокринолог Светлана Шокурдің сөзінше, жұмыс орнын дұрыс орналастыру, дұрыс тамақтану, дәрігер таңдаған дәрумендерді қабылдау кеңседе жақсы көңіл күйде жұмыс істеуге көмектеседі.

Маманның айтуынша, күзде адамның эмоционалды тонусы күн сәулесінің азаюы, жаңбырдың жиі жауып, күннің қысқаруына байланысты төмендейді. Бұл D дәруменінің төмендеуіне әкеледі, оның жетіспеушілігі ашуланшақ болуға, ұйқышылдыққа және көңіл күйдің түсуіне себеп болады, деп хабарлады РИА Недвижимость.

"Бөлмеде күннің орнын басатын зат көп болуы үшін көбірек жарық көзін пайдалану керек. Сол арқылы бөлмені жарық ету қажет. Сондай-ақ міндетті түрде бөлмені желдетуді ұмытпаңыз. Бұл оттегі азаюының алдын алады. Күзде таза, оттегімен қаныққан ауа қажет", - деді Шокур.

Дәрігер күзде ауа райы ашық болса да D дәруменін өндіруге қажетті күн сәулесінің мөлшері аз болатынын айтты.

Жаңалықтар
0