Қоғам

Үкімет жалпыұлттық жоспар бекітті: қазақстандықтардың өмірі қалай өзгереді

© Sputnik / Абзал КалиевЛюди гуляют по Водно-Зеленому бульвару в Нур-Султане
Люди гуляют по Водно-Зеленому бульвару в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.09.2021
Жазылу
Мамин ұлттық экономика министрлігіне премьер-министр кеңсесімен бірге өте қысқа мерзімде жарлық жобасын президент әкімшілігіне енгізуді тапсырды

НҰР-СҰЛТАН, 7 қыркүйек – Sputnik. Үкімет отырысында президенттің 1 қыркүйектегі жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспары бекітілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Мемлекет басшысының азаматтардың әл-ауқатын арттыру жөніндегі бастамаларын іске асыру үкімет жұмысының маңызды бағыты болады. Жалақыны көтеру, жеке сектордың үлесін ұлғайту, салықтық жүктемені азайту арқылы нақты табыстың өсуін қамтамасыз етуге ерекше назар аударылады", - деді премьер-министр Асқар Мамин.

Ол барлық бірінші басшыға жалпыұлттық жоспарды сапалы әрі уақытылы орындалуын қамтамасыз ету бойынша дербес жауапкершілік жүктелетінін атап өтті.

Мамин ұлттық экономика министрлігіне премьер-министр кеңсесімен бірге өте қысқа мерзімде жарлық жобасын президент әкімшілігіне енгізуді тапсырды.

Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарында не айтылған

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиевтің айтуынша, жалпыұлттық жоспардың жобасы 102 іс-шараны қамтиды. Жолдау қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру үшін 5 бастаманы және 7 бағытты іске асыруды көздейді.

Кәсіпкерлікті дамыту үшін "Қарапайым заттар экономикасы" және "Бизнестің жол картасы" бағдарламаларын 2022 жылы іске асыру жалғасады. Қаржыландыру көлемі кемінде 1 триллион теңгені құрайды.

Мемлекет қаржысының тиімділігін арттыру мақсатында мемлекет қаржысын басқару тұжырымдамасы әзірленеді. Тұжырымдамада бюджет саясатын, мемлекеттік борышты басқару, сондай-ақ Ұлттық қордың қаражатын қалыптастыру және пайдалану мәселелері қамтылады.

"Өндірушіден тұтынушыға дейін" тізбегі бойынша бағаларды бірыңғай бақылау үшін негізгі мемлекеттік орган айқындалады.

Цифрландыру жөніндегі ұлттық жоба аясында кемінде 100 мың жоғары білікті ІТ-маманын даярланады.

Инвесторларға кешенді сервистік қолдау көрсету мақсатында Ұлттық геологиялық қызмет құрылады.

Шектеу қойылған кепілдіктегі активтерді экономикалық айналымға қайтару туралы заң жобасы әзірленеді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тіркеген вакциналарды сатып алу жеделдетіледі. Медициналық бұйымдарға зертханалық және техникалық сынақтар жүргізу орталығы құрылады.

Типтік оқу жоспарларын алып тастау бойынша "Білім беру туралы" заңға өзгерістер енгізіледі.

Мұғалімдерді үш жылда бір рет қайта даярлықтан өткізу жоспарланып отыр. "Цифрлы ұстаз" жобасы іске асады.

Дарынды балаларға және олардың ұстаздарына жан-жақты қолдау көрсетіледі. Халықаралық пән олимпиадаларының жүлдегерлеріне гранттар беріледі, біржолғы ақшалай сыйақы төленеді.

Мектептерде орын тапшылығын шешу үшін 2025 жылға дейін кемінде 1000 мектеп салу жоспарлануда.

Сондай-ақ еліміздің ластанған 10 қаласын орта мерзімді кезеңде газға немесе баламалы қуат көздеріне көшіру жоспарланып отыр.

Өңірлерді дамытудың ұлттық жобасы аясында 5 жыл ішінде барлық қала мен ауылдар таза ауыз сумен қамтамасыз етіледі.

Бұдан бөлек, көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасы әзірленеді. Оңтүстіктен солтүстікке көшіп жатқан азаматтарға жәрдемақы бөлудің қолданыстағы тәсілдері қайта қаралады.

Алаяқтыққа және қаржы пирамидаларына қарсы кешенді шаралар әзірлеу жоспарлануда.

Креативті индустрияны қолдау қоры құрылады.

Сонымен қатар халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған 5 бастаманы іске асыру үшін келесі іс-шаралар жүзеге асады:

  • 2022 жылдың 1 қаңтарынан ең төменгі жалақы 60 мың теңгеге дейін көтеріледі;
  • бизнесті жұмысшыларының еңбекақысын көбейтуге ынталандыру бойынша шаралар әзірленеді;
  • микро және шағын кәсіпкерлік үшін еңбекақы төлеу қорынан бірыңғай төлем енгізіледі;
  • 2022 жылдан 2025 жылға дейін азаматтық қызметкерлердің жалақысы жыл сайын орта есеппен 20%-ке өседі;
  • зейнетақы жинағының жеткіліктілік шегінен асатын бөлігін баспана сатып алу үшін "Отбасы банктегі" шотқа аударуға рұқсат беріледі.
Жаңалықтар
0