Оқиға

Павлодарлық көшеде жұртқа пышақ ала жүгірді

© Sputnik / Абзал Калиев Ограбление, иллюстративное фото
 Ограбление, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.09.2021
Жазылу
Тәртіп сақшылары резеңке таяқ пен кәсіби қорғаныс айла-тәсілін қолданды. Өйткені ер адамның әрекеті тұрғындарға қауіп төндірді

ПАВЛОДАР, 7 қыркүйек — Sputnik. Павлодарда полицейлер көшеде тұрғындарға пышақ ала жүгірген тұрғынды ұстады. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

7 қыркүйек сағат 11.10-да Қамзин көшесі, 158 мекенжайы бойынша ер адам қолына пышақ ұстап жүргені туралы хабар түскен.

Ол жерге патрульдік полиция батальонының көлік патрулі жетті. Бұған дейін ер адам көрші үй жаққа барып үлгерген. Ол полицейлердің ескертуіне мән бермей, керісінше, одан бетер ерсі қылық танытты. Балағаттап, пышағын қайта-қайта бұлғай бастаған.

"Тәртіп сақшылары резеңке таяқ пен кәсіби қорғаныс айла-тәсілін қолданды. Өйткені ер адамның әрекеті тұрғындарға қауіп төндірді", - деді полицияда.

Патрульдік полиция батальоны қызметкерлерінің арқасында ер адам ұсталып, пышақ тәркіленді.

Ұсталған ер адам 2001 жылы туған Павлодар тұрғыны. Ол облыстық психоневрологиялық диспансерде есепте тұр.

Тәртіп сақшылары жедел жәрдем бригадасын шақырған. Ер адам облыстық диспансерге жеткізілді.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ, деді полицияда.

Жаңалықтар
0