Қоғам

Еліміздегі барлық мешіттің ауласында жұма намазы оқылады

© Sputnik / Абзал КалиевМечеть Нур-Астана
Мечеть Нур-Астана  - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.09.2021
Жазылу
Жұма намазын ашық ауада өткізу кезінде маска режимі мен бір адамға кемінде 4 метрлік әлеуметтік қашықтық сақталуы керек

НҰР -СҰЛТАН, 7 қыркүйек – Sputnik. Бас мемлекеттік санитар дәрігердің 2 қыркүйектегі қаулысына сәйкес осы аптада еліміздегі барлық мешіттің ауласында жұма намазын оқуға рұқсат берілді, деп хабарлады Muftiyat.kz.

ҚМДБ-ға қарасты 19 өкілдіктің бесеуінде ғана жұма намазын оқу уақытша тоқтатылған болатын. Жаңа қаулыға сәйкес енді еліміздің барлық өңірінде жұма намазы мешіт ауласында оқылады.

"Мешіттер, православие шіркеулері және басқа да діни объектілер аумағында ұжымдық діни іс-шараларды (оның ішінде "жұма намазы", күнделікті православиелік дұғалар және басқаларын) ашық ауада өткізу маска режимі мен бір адамға кемінде 4 метр есебінен әлеуметтік қашықтық сақталған кезде жүзеге асырылады", -  делінген бас мемлекеттік санитар дәрігердің қаулысында.

Қаулыда шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде діни объектілердегі санитариялық-дезинфекциялық режимге қойылатын талаптар да көрсетілген. Атап айтқанда, мешіттерде бір рет қолданылатын медициналық маскалардың жеткілікті қорымен, сондай-ақ қолды өңдеуге арналған дезинфекциялық сулықтармен, тері антисептиктерімен, дезинфекциялау құралдарымен қамтамасыз етуді ұйымдастыру, діни объектілерде персонал мен діни қызметшілердің маскалар киюін қамтамасыз ету міндеттелген.

Оқи отырыңыз: Вакцина алмаған қызметкерлерді жұмысқа жіберуді шектеу туралы қаулы жарияланды 

Сондай-ақ ғибадат үйлеріне (құрылыстарына) кіруге міндетті түрде маска болған жағдайда рұқсат етіледі.  

Жаңалықтар
0