НҰР-СҰЛТАН, 7 қыркүйек – Sputnik. Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирустан - 64, пневмониядан - 15 адам көз жұмды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
7 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 90 160 адам коронавирус инфекциясынан (82 575 адам коронавирустан және 7 585 пневмониядан) емделуде, олардың ішінде 19 279 пациент стационарда, 70 881 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
Дертке шалдыққандардың арасында:
- 1 479 адамның жағдайы ауыр,
- 387 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 209 науқас өкпені жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.