Оқиға

Нұр-Сұлтанда ірі алаяқтық ісі бойынша сот үкімі шықты

© Sputnik / Абзал КалиевДеньги, тенге, купюры, банкноты
Деньги, тенге, купюры, банкноты  - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.09.2021
Жазылу
Ер адам 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ мемлекеттік қызметте лауазымға ие бола алмайды

НҰР-СҰЛТАН, 7 қыркүйек — Sputnik. Нұр-Сұлтанда ЖШС бас директорына қатысты ірі алаяқтық ісі бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлады астаналық соттың баспасөз қызметі.

Үкімді қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот жариялады.

Ол алдау жолымен 97 140 000 теңге көлеміндегі соманы иемденген (228 мың доллар).

Ер адам кәсіпкер Ц. мен Шымкент өңірлік әлеуметтік-инновациялық университетінің ректорын жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасы және қызметкерлері мен білім және ғылым министріне 60 миллион теңге пара беруге  үгіттеген.

Сотталушы алаяқтық және лауазымды тұлғаға пара беруге айдап салу баптары бойынша кінәлі деп танылды.

Оның кінәсі жәбірленуші, куәгерлер сөзі, ұялы телефондағы хаттар, телефонмен әңгімесін тыңдау арқылы дәлелденген.

Прокурор 11 жыл 3 айға бас бостандығынан айыру жазасын сұрады. Ал қорғаушылар сотталушы кінәлі емес екенін алға тартып, ақтауды сұраған болатын.

Сот ер адамды 11 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Сондай-ақ ол мемлекеттік қызметте лауазымға ие бола алмайды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Жаңалықтар
0