Саясат

Маңғыстау облысына жаңа әкім тағайындалды

© Sputnik / Владислав ВодневМинистр энергетики Нурлан Ногаев
Министр энергетики Нурлан Ногаев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.09.2021
Жазылу
Бұған дейін Маңғыстау облысын Серікбай Тұрымов басқарған болатын, ол мемлекет басшысының жарлығымен лауазымынан босатылды

НҰР -СҰЛТАН, 7 қыркүйек – Sputnik. Нұрлан Ноғаев Маңғыстау облысының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлады Ақорда.

"Нұрлан Асқарұлы Ноғаев Маңғыстау облысының әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының энергетика министрі лауазымынан босатылсын", - делінген мемлекет басшысының жарлығында.

Нұрлан Ноғаевтың өмірбаяны

Еңбек жолын Ақтөбе облысының Қандыағаш стансасында электр шебері болып бастаған.

1996-2006 жылдары – "Қазақтүрікмұнай" ЖШС-ында маркетинг жөніндегі инженер, мұнай және мұнай өнімдерін сату, маркетинг бөлімінің бастығы, бас директор.

2006 жылдың ақпан айынан бастап "ҚазМұнайГаз Ұлттық компаниясы" АҚ-ның атқарушы директоры.

2006 жылдың тамыз айынан Қазақстан энергетика және минералды ресурстар министрлігі мұнай өнеркәсібі департаментінің директоры болып істеген.

2007 жылдың қыркүйегінен 2010 жылдың сәуір айына дейін – Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.

2010 жылдың сәуір айынан 2012 жылдың қаңтарына дейін - Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары.

2012 жылдың 20 қаңтарында мемлекет басшысының жарлығымен Батыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды.

2016 жылдың 26 наурызынан  Атырау облысының әкімі болды. 

2019 жылдың 18 желтоқсанынан бүгінге дейін энергетика министрі лауазымын атқарды.

Жаңалықтар
0