Өңірлер

Алматы мектептерінде орын тапшылығы қалай шешіледі

© Sputnik / Тимур Батыршин День знаний в Алматы - 2021
 День знаний в Алматы - 2021 - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.09.2021
Жазылу
Жаңа мектептердің құрылысына жеке инвесторлар да белсенділік танытып жатыр. Жаңа оқу жылында қалада 11 мектеп ашылды

АЛМАТЫ, 7 қыркүйек – Sputnik. Алматыда мектеп құрылысы қарқын алды. Нәтижесінде 23 мыңға жуық жаңа орын ашылады деп жоспарланып отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, Алатау, Наурызбай мен Түрксіб аудандарында 12 600 орынды 8 мемлекеттік мектеп салынып жатыр. Соның ішінде үш мектеп жыл соңында ашылады.

"Сыйымдылығы 8 мыңнан асатын жұмыс істеп тұрған мектепке жапсарлай салынып жатқан 17 корпустың үшеуі оқу жылының басында ашылды. Жуырда тағы 6 ғимарат пайдалануға беріледі. Қалған 8-і биыл қарашаның соңына дейін бітеді", - деп жазды қала әкімі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Бакытжан Сагинтаев (@sagintayev.b)

Әкімнің айтуынша, жаңа мектептердің құрылысына жеке инвесторлар да белсенділік танытып жатыр. Жаңа оқу жылында қалада 11 мектеп ашылды.

"Нәтижесінде 36 білім беру нысанының ашылуы мектептегі орын тапшылығын 23,3 мыңнан астам оқушыға азайтпақ", - дейді қала әкімі.

Айта кетері, биыл қалада бірінші сыныпқа 30 мыңнан астам бала барды. Жаңа оқу жылында қаладағы 287 мектеп 300 мыңға жуық оқушыға есігін айқара ашты.

Биыл Алматыдағы №157 жалпы білім беретін мектепте бірінші сынып оқушыларының саны бойынша рекорд жаңартып, 1 "Ю" сыныбы ашылды. Наурызбай ауданында орналасқан бұл мектеп 1-сыныпқа 714 оқушы қабылдады. Мектеп 1 540 оқушыға лайықталған. Қазір №157 жалпы білім беретін мектепте 1-11 сыныпқа дейін 4 862 адам оқиды.

Жаңалықтар
0